Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген су тасқынына байланысты Қазақстанға көмек жіберген шетелдік фанаттарына алғыс айтты (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген күшігімен
Димаш Құдайберген күшігімен. Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген еліне қиын уақытта қолдау білдірген шетелдік тыңдармандарына видеоүндеу жолдады. Өнер иесі әлемнің түпкір-түпкіріндегі фанаттарына алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, ханымдар мен мырзалар! Мен әлемнің түпкір-түпкіріндегі тыңдармандарымның осындай қиын уақытта Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқаны жайлы ақпарат алдым. Көп рахмет! Маған және менің еліме қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін! Сіздерді жақсы көрем", - деп видеоүндеу жолдады Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен туған жері Ақтөбеге барып, халықпен кездескен болатын.

Сонымен қатар танымал әнші су тасқынынан зардап шеккен халыққа 15 млн теңге қаржылай көмек аударды.

Желі қолданушылары да әншінің шетелдік тыңдармандарына алғыс айтып, жарыса пікір жазды.

"Димаштың тыңдармандарына алғыс білдіреміз", "Біз сізді және сіз жақсы көретін адамдарды әрқашан қолдауға дайынбыз", "Сіздің әндеріңіз бізге қанат бітіреді. Біз қалай ғана көмек көрсетпейміз? Сізге көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз", "Димаштың фанаттары таңғалдырады", "Қазақтың маңдайына Димаштай ұл бергеніне шүкір", "Сені дүниеге әкелген, тәрбилеген анаң мен әкеңе және ата-әжеңе Алла екі дүниенің жақсылығын берсін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084720-dimas-qudaibergen-su-tasqynyna-bailanysty-qazaqstanga-komek-zibergen-seteldik-fanattaryna-algys-aitty-video/