Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат жасасын": Тәуекел Мүсілім ғашықтар күніне орай жұбайымен ерекше видео түсірді

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жұбайымен
Тәуекел Мүсілім жұбайымен. Видеодан кадр: instagram.com/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат ғашықтар күніне орай ұлттық киіммен видео түсірген. Жарасымды жұпты көпшілік қазіргінің Қыз Жібегі мен Төлегеніне теңеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғашықтар күні құтты болсын. Әлемде махаббат жасасын", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram-дағы парақшасында.

Ал желі қолданушылары қыз бен жігіттей қол ұстасқан жұбайларға қызыға қарап, жарыса пікір қалдырды.

"Керемет", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұп", "Нағыз Қозы Көрпеш пен Баян сұлу", "Осы заманның Қыз Жібегі мен Төлегені", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында Тәуекел Мүсілімніің жұбайы екінші сәбиді өмірге әкелген болатын.

Бүгінгі таңда Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат Айтөре және Әмір есімді екі ұлды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085467-maxabbat-zasasyn-tauekel-musilim-gasyqtar-kunine-orai-zubaiymen-erekse-video-tusirdi/

pixel