Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап отырмын": Оралда бір мезетте 300-ден астам адам "Атамекен" әнін шырқады (видео)

Жарияланған күні:

Оралдағы халық
Оралдағы халық. Видеодан кадр: Instagram/ khabartv

Оралда бір мезетте 300-ден астам адам "Атамекен" әнін шырқады. Өңірде су тасқынына қарсы бөгет салып жатқан халықтың бірге орындаған әнін "Хабар" арнасы Instagram парақшасында жариялады.

Оралда бір мезетте суға бөгет жасап жатқан 300-ден астам адам "Атамекен" әнін шырқады. Ал мұны көрген оқырмандар қиындықта ауызбіршілік танытқан жұртқа алғыс білдірді.

"Қазақ еліміз аман болсын", "Ағаларымызға күш-қуат бере гөр", "Денем түршігіп кетті", "Көзге еріксіз жас келді" , "Жылап отырмын", "Қандай керемет" деп жазды олар.

Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.

Ал бірнеше күн бұрын продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірлерге аттанды.

Сондай-ақ, танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өз туған өлкесі Оралға барып, су тасқынына дайындалып жатқан халықты көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085944-zylap-otyrmyn-oralda-bir-mezette-300-den-astam-adam-atameken-anin-syrqady-video/