Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ене мен келін мәселесі": Мөлдір Әуелбекова ұлының әкесімен не үшін ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінің өзі мен баласынан бас тартқанын айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында алғашқы некесінде ене мен келін мәселесі болғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Баламның әкесі бізден бас тартқан кезде, анам мен әкем қолдау берді. Жинақталып, өз-өзіме келіп, дәрігерге бардым. Дәрігер "Тағы үш кг салмақ тастасаң, сен анорексия боласың" деді. Бойым 172, салмағым - 49 кг. Жүйкем тозып, өзімді тоздырып жібергенімді түсіндім.

Бірінші некемде ене мен келін мәселесі болды. Одан бері көп уақыт өтіп кетті. Ол жайлы айтқым келмейді. Өзінің шешімі, мен оны қабылдадым. Тұрмысқа шыққаннан кейін Астанаға көштім. Бірақ ол кезде де бірге тұрмадық. Ол Көкшетауда, мен Астана қаласында тұрдым. Аптасына бір рет, екі апта, бір айда бір рет көрісетінбіз. Көп түсініспеушілік болды. Ол өзімен-өзі, мен өзіммен-өзім өмір сүрдім. Ортақ дүние болған жоқ. Қиын жағдайларда да, отбасылық мәселелерде де жанымда болмады. Бірге тұрып, бірге ас ішпесең, бірге қыдырып, қол ұстасып жүрмесең, бауыр басу да болмайды. Шыдап отыруға болады. Мен солай шыдап отырдым. Бірақ ол кісі өзі бас тартты.

Бақыт деген нәрсе ер адамға келіп, тіреліп қалмайды. Балаларымның дені сау, анам мен әкем жанымда. Бақытты болуға себептерім көп", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087528-ene-men-kelin-temasy-moldir-auelbekova-ulynyn-akesimen-ne-usin-azyrasqanyn-aitty/

pixel