Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енемнің аяғына жығылдым": Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуі төркініне алдап тастап кеткенін айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінің өзін алдап, төркініне апарып тастағанын айтты. Өнер иесі отбасын сақтау үшін енесінің аяғына да жығылғанын "Мамский әңгіме" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балам әкесіне хабарласып, ақша сұрап тұрады. Бірақ әкесі өзі хабарласпайды. Бірінші күйеуімнің әке-шешесі сол кезден бері келмеді. Мен ешкімді кінәламаймын, олардың шешімін қабылдадым. Дұрыс түсінбеген, бір-бірімізге дұрыс жетпеген ақпарат көп болды. Ол кісілер әлі күнге "Баланы көрсетпейді" деп айтады. Бірақ бұл әңгіме қайдан шықты? Ол мені өз үйіме алдап әкелді.

Мен өзім көп үндемей жүре беретін адаммын. Тұрмыс құрғаннан кейін намазға келдім. Үндемей жүретін сәттер көп болды. Содан бір күні ішімдегіні енеме айттым. "Неге бұлай? Мені қабылдайтын кезіңіз болды ғой" деді. Тіптен енемнің аяғына жығылдым. Сол жағдай кешке болды. Ертесіне баламның әкесі хабарласып, "Келе жатырмын. Заттарыңды жина. Алматыға жұмыстарым шығып тұр. Сен ата-анаңның жанында боласың" деді. Мен төркінге бара жатырмын деп қуандым. Балам 5 айлық. Енемнің аяғына жығылғаннан кейін арамыз жақсы болады деп ойладым. Ұлымның әкесі Көкшетауда болғаннан кейін үйдегі жағдайды айта бермейтінмін. Оған мүлде ештеңе айтпайтынмын. Аяғына жығылғаннан кейін ол кісі мені естіді деп ойладым. Отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасадым ғой", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Сонымен қатар әнші күйеуінің өзін алдап, төркініне апарып тастағанын айтты.

"Күйеуім хабарласққаннан кейін заттарымды жинадым. Енем де күшті сөйлеп жүр. Ата-анаммен сөйлесем деп мәзбін. Баламның әкесі үйге жеткенше жылы сөз айтып, мені жақсы көретінін айтты, рақмет айтты. Ораза кезі еді, әкем көршінің үйіне құран оқуға кетіпті. Бірінші күйеуім үйге кіріп, менің анаммен, бәрімен амандасты. Ол менің әкемді сұрады. Сөйтіп сыртта күтті. Менің әкем үйге кіргенде бірінші күйеуімнің бетпердесі шешілді. "Қызыңыз анамды сыйламайды" деп, ауыр сөздер айтты. Дастарқанға отырған да жоқ. Әкем "Балам, отырсайшы. Сөйлесейік" деді. Менің төбемнен тас түскендей болды. Әкем оның отырмайтынын түсінді де "Рақмет. Балам, сенің шешіміңді қабылдаймыз" деді. Сөйтіп бірінші күйеуім аяқ киімін киіп жатқанда, әкем барып "Қолыңды бер" деді. Ол қолын беріп еді, әкем "Балам, қайта ашар есігіңді қатты жаппа" деді.. Бірақ ол әкемнің қолын сілкіп, есікті жауып кетті.

Осыдан кейін бір апта өткенде қайта хабарласып, "Қазір біздің үйдегілер барады. Сен дұыстап дастарқан жайып, дұрыстап күтіп ал. Түсіндің ба, мені?" деді. Жақсы есімде қалды. 1,5 жыл үндемей отырғаным келін болғасын, ана болғасын еді. Бірақ әкемнің алдынан есікті жауып кеткен адамды көрдім. Бұл жерде үндемей қоя салуға намысым жібермеді. "Сен маған олай сөйлеме! Екіншіден, әке-шешемнің табалдырығын ешқайсысың аттамайсыңдар. Баланы көруге рұқсат етем, бірақ үйде емес. Көшеде, кафеде, қалаған жеріңде көре бер. Апарам" деп айттым", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесі осы жағдайдан кейін баласын күйеуі мен оның жақындарынан ешкім іздеп келмегенін айтты.

"Бірақ бұл әңгіме оларға басқаша жетті деп ойлаймын. Мүмкін "Ол баруға тыйым салып жатыр. Табалдырықты аттамайсың деп айтты" деген шығар. Бірақ не үшін неге олай дегенімді айтпадым. Кез келген нәрсе түсініспеушіліктен деп айтып отырмын ғой. Мүмкін ол кісілер маған, менің әке-шешеме, балаға келе жатты. Әлде де есік ашық. Ол кезде мен де намыспен, ашумен айттым. Ашуым сейілді, ренішім басылды. Олар мені қабылдағысы келмеді, жарайды.

Ол кісілердің "Баланы көрсетпейді" деп айтатыны осы деп ойлаймын. Бірақ баламның әкесін бірнеше рет кездесуге шақырды. "Балаға әке керек. Жақсы қарым-қатынаста болайық. Жақсы ата-ана болу үшін, дұрыс қарым-қатынас болуы керек" дедім. Бірақ ол келіспеді. Баламның өз тегімен араласқанын қалаймын", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінен не үшін ажырасқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ әнші екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққанын баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087669-enemnin-ayagyna-zygyldym-moldir-auelbekova-birinsi-kuieuinin-ozin-uiine-aparyp-tastaganyn-aitty/

pixel