Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуі жайлы айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында қызының әкесімен қазір қандай қарым-қатынаста екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қызымның әкесімен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Ол "Қайта қосылайық" деп, кешірім сұрап келді. Бірақ қалай қосыласың? Ортада жағдай болды. Қызымның әкесі ересек адамдарша жақсы сөйлеседі. Ол мені шақырды, отырып сөйлестік. Қызының есімін азан шақырып өзі қойды. Қызыма әкесінің анасы есім таңдады. Шешім қабылдағаннан кейін, жақсы араласып, жақсы ата-ана боламыз деп келістік. Өте балажан. Қызына жиі келеді, ойнатады, қыдыртады. Керегінің бәрін әпереді.
Бірге қыдырамыз деп айта алмаймын. Маған "Бірге ас ішейік. Қызбен бірге болайық" дейді. Бірақ мен бармаймын. Қызым үш жасқа толады. Ұлым да ол кісіні жақсы қабылдады. Бірден оны "әке" деді. Ұлымды сол кезде өзі барып сүндеттеді", - деді Мөлдір Әуелбекова екінші жұбайы жайлы.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінен не үшін ажырасқанын айтқан болатын.
Сонымен қатар әнші бірінші күйеуі өзін алдап төркініне апарып тастағанын айтқан болатын.
Айта кетейік, әнші екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққанын баяндап берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087735-moldir-auelbekova-ekinsi-kuieuimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/