Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркелеп өмір сүргім келеді": Мөлдір Әуелбекова тағы да тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекованың осыған дейін екі некесі сәтсіз аяқталған болатын. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында тағы да тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. "Мен сүріндім, мені тастап кетті" дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой. "Өзім" дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді.

Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінен не үшін ажырасқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші бірінші күйеуі өзін алдап төркініне апарып тастағанын айтқан болатын.

Айта кетейік, әнші екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққанын баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087900-erkelep-omir-surgim-keledi-moldir-auelbekova-tagy-da-turmysqa-syguga-daiyn-ekenin-aitty/