"Көп жыладым": Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова осы уақытқа дейін көпр жылағанын айтты. Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен көп жыладым, тым көп. Оны бағдарламаны көргендер біледі. Әсіресе, қызымды босанған сәтті айтқан кезімде 90 пайыз көрермен көзіне жас алыпты.
Дәл сол сәттен бастап мен "Енді күліп-ойнап, әр бір нығметке қуанып, бақытты сәттерімді бағалап, өмірімді шын сүремін" деп шештім. Сіздер де күліп жүріңіздер. Адамдар жылатса да, Алла жылатпасын", - деп жазды Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуінен не үшін ажырасқанын айтқан болатын.
Сонымен қатар әнші бірінші күйеуі өзін алдап төркініне апарып тастағанын айтқан болатын.
Айта кетейік, әнші екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққанын баяндап берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092076-kop-zhyladym-moldir-auelbekova-zhan-syryn-aqtardy-video/