Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелді аяусыз ұрып-соққан тұрғынның видеосы тарады

Опубликовано:

Ұрып-соғу сәті
Ұрып-соғу сәті. Фото: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады. Бейнежазбадан ер адамның көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде әйелді ұрып жатқанын көруге болады. Видеоны түсірген тұрғын Ішкі істер министрлігін белгілеп, істің анық-қанығын білуді сұраған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кадрларда ер адам кешкі уақытта әйелді алдымен тепкілеп, содан кейін бетінен ұрады. Жағдай тұрғын үйдің кіреберісінде болған.

Алматы қаласы Полиция басқармасы осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Видеодағы адамдардың кім екені анықталып жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091869-almatyda-aieldi-aiausyz-uryp-soqqan-turgynnyng-videosy-tarady/

pixel