"Абьюзер емеспін": актер Асқар Ілиясов Айя Шалқарға жауап беріп, оны ашық диалогқа шақырды
Жарияланған күні:
Актер Асқар Ілиясов қазақстандық танымал модель Айя Шалқардың екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы айтқан сөздеріне жауап берді. Ол бұрынғы сүйіктісін бірге сұқбат беруге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ актердің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
"Мен бұны жазам деп ойламадым, бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады.
Мен абьюзер емеспін, мен әйелдерді құрметтеймін. Ал мен Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз екіге кеттік. Төрт ай қарым-қатынастан кейін біз бірге шешім шығарып, бөлек кетуді жөн деп санадық", - деп жазды Асқар Ілиясов.
Актер қыз тарапынан айтылған әңгімелер оны тығырыққа тірегенін айттты.
"Мен ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз, бірақ егер біздің қарым-қатынасты қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовпен бірлескен сұқбат түсіріп, маңызды жайттар туралы әңгімелейік. Менің ойымша, бұл тек біз үшін ғана емес, қарым-қатынаста түсінісе алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы боладыдеп ойлаймын", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Асқар Ілиясовпен көзге түскен Айя Шалқар сыр ақтарып, бұрынғы қарым-қатынасы не үшін тоқтағанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098547-abiuzer-emespin-akter-asqar-iliiasov-aiia-shalqarga-zhauap-berip-ony-ashyq-dialogqa-shaqyrdy/