Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жылда 15 елге бардым": 10 тілде еркін сөйлейтін Ақтоты Асанова құпиясын ашты

Жарияланған күні:

Ақтоты Асанова
Ақтоты Асанова. Фото: Instagram/ aktoty.assanova

16 жасында бес тілде еркін сөйлеген Ақтоты Асанова тіл үйрену үшін шетел асудың қажеті жоқ екенін айтты. Бойжеткен білім алу жолындағы өз ұстанымын "Мархабат" бағдарламасында баяндап берді.

Ақтоты Асанова - 16 жасында шет елге шықпай-ақ бес тілді үйренген полиглот. Оның айтуынша, тіл білу үшін қажырлы еңбек пен қызығушылық керек. Ал шетелге шықпадым деу - сылтау.

"Маған көбі "Сен бәлкім шетелде жүрген шығарсың. Мен шетелге шығып көрмегенмін. Соған байланысты сөйлей алмаймын" деген сылтау айтады. Бірақ мен 16 жасыма дейін ешбір шетелге шығып көрмегенмін. Соған қарамастан, сол жасымның өзінде 5 тілде еркін сөйледім.

Шетелге шықпағаным, шетелдік достарымның болмағаны, яғни, тәжірибенің жоқтығы маған ешқалай әсер еткен жоқ. Адамның өз сүйікті ісіне деген ынтасы бар болса, ештеңе кедергі болмайды", - деді ол.

18 жастағы Ақтоты Асанова небәрі екі жылда бірнеше елдің мәдениетімен танысқанын да атап өтті.

"Қазір міне, небәрі 2 жылдың ішінде 15 мемлекет, 25 қалаға барып келдім. Көп шетелдіктер "сіз осында тұрасыз ба, тәжірибеңіз бар ма?" деп сұрап жатады. Сонда мен тек былай жауап беремін: Бұл - менің тілге деген үлкен махаббатым. Тіл - мен үшін сөйлесудің құралы емес, белгілі бір мәдениетпен көпір құра алатын нәрсе", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103779-eki-zhylda-15-elge-bardym-10-tilde-erkin-soileitin-aqtota-asanova-qupiiasyn-ashty/