jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Сүйектері алтын": желіде жылқыны еркін тізгіндеген әжейдің видеосы тарады

    Жылқы тізгіндеген әжей
    Жылқы тізгіндеген әжей. Видеодан кадр: Instagram/ kyn.kz

    Әлеуметтік желіде жылқыны еркін тізгіндеген әжейдің видеосы тарады. Көпшілік қартайған шағында ат үстінде ойнаған кейуанаға тамсанып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған видео кадрларынан әжейдің жылқыны еркін тізгіндегенін байқауға болады. Ал бейнежазбаны жүктеген топтар оның жасы 84-те екенін айтып жатыр.

    Мұны көрген көпшілік кейуананың ширақтығына тамсанып, пікір жаза бастады.

    "Жас кезінде атқа көп мінген сияқты", "Атқа мінбек түгілі, қасына жақындауға қорқамыз", "Керемет, тік отыр, көз тимесін", "Алла қуат берсін", "100 жасасын", "Әжейдің күш-қуатын жұғысты қылғай", "Даланың адамы болған ғой", "Шынымен әже ме?", "Сүйегі алтын жан екен. Қазақтың ұрпағысыз", - деді олар.

    "Сүйектері алтын": желіде жылқыны еркін тізгіндеген әжейдің видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.