Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гитара қайда": Air Astana өкілдері Ерлан Көкеевтің жоғалған аспабына қатысты түсінік берді

Опубликовано:

Шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana әуе компаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді. Әуе компаниясы өкілдері Ерлан Көкеевтің жоғалған гитарасы туралы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Әуе компаниясы берген мәліметке сенсек, тексеріс қорытындысы бойынша әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға "әйнек" белгісін жабыстыруды сұраған.

"Әуекомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған", - делінген хабарламада.

Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды.

"Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз. Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді", - дейді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125128-gitara-qaida-air-astana-okilderi-erlan-kokeevting-zhogalgan-aspabyna-qatysty-tusinik-berdi/