Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Қайрат Нұртасқа қандай жаза сұрағаны белгілі болды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram/kair_n

Сот отырысы кезінде прокурор әнші Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Прокурор 434-бап "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жаза тағайындауды сұрады. Ал жеңіл жарақат салу бойынша істі судьяның қарауына қалдыруды сұрады.

Судья кеңесу бөлмесіне кетті.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті.

Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталуда.

Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді. Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129616-prokuror-anshi-qairat-nurtasty-15-taulikke-qamauga-aludy-surady/