Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымнан екі рет ұрды": Қайрат Нұртас төбелес неден шыққанын айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың фотосуреті
Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

Басы дауға қалған Қайрат Нұртас сот отырысы барысында ұшақ бортындағы төбелес неден шыққанын айтты. Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әншіге қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот отырысы онлайн түрде өтіп жатыр. Өнер иесі жәбірленуші Асылбек Бекқайыров екеуінің арасындағы жанжал неден туындағанын айтып берді.

"Тойға досым шақырды. Мен келмеймін деп, оған бейәдеп сөздер айтып жіберемін. Сосын ұшақтың ішінде мені ұрып, басымнан екі рет ұрды. Сосын менің намысым бар ғой, қарсылық көрсеттім. Сосын ұшақ бортында тыныш отырдым әрі қарай", - деді ол.

Әнші тәртіп бұзбағанын айтты. Дегенмен ол дене жарақатын келтіргенін мойындады.

"Келтіргенім рас, бірақ мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Неге тек менен кінә сұрауларыңыз керек, прокурор мырза?", - деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталуда. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129604-basymnan-eki-ret-urdy-qairat-nurtas-tobeles-neden-shyqqanyn-aitty/