Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқайда шықпадым": 5 тәулік қамауда отырған Тұрсынбек Қабатов елордада концерт берді

Жарияланған күні:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Ұшақта әдепсіз сөздер айтып, 5 тәулікке қамауға алынған Тұрсынбек Қабатов концерт берді. Ол концерт барысында қамауда отырған кезін әзілмен жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың концерті 5 шілдеде Астанадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында өткен.

Қабатовтың концертте астарлап жеткізген әзілінің видеосы TikTok желісінде жарияланған.

"Бұл концертке мен өте мұқият 5 күн дайындалдым. Телефон, бәрін арнайы өшірдім. Ешқайда шықпадым, дайындалдым. Бүгін Қайрат (Нұртас – ред. ескертпесі) дайындалуға кетті", - деді әзілкеш.

Еске сала кетсек, 28 маусымда ұшақта әдепсіз сөздер айтқан Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамалғаны белгілі болды.

"Куә (аға стюардесса) құқықбұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған. Құқықбұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады", - делінген еді Жоғарғы сот хабарында.

Сонымен бірге кеше, 5 маусымда белгілі әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталған. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот әншіге 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130036-eshqaida-shyqpadym-5-taulik-qamauda-otyryp-shyqqan-tursynbek-qabatov-elordada-kontsert-berdi/