jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "2 мың доллар жинаған": Нұрлан Имам әлеуметтік желіде үлкен табысқа кенелді

    Нұрлан имам
    Нұрлан имам. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

    Белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы Tik-Tok желісінде үлкен табысқа кенелді. Ол әлеуметтік желінің арқасында 2000 мың АҚШ долларын жинаған. Алайда теолог маманның өзі мұндай пайда тапқанын мүлдем білмеген болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрлан имамның үлкен табысқа кенелгенін белгілі мобилограф Қыран Талапбек айтты. Видеоблогер дінтанушының Tik-Tok парақшасын қарап отырып, оның 2000 доллар жинағанын көріп қалған.

    "Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр" , - деді Қыран Талапбек.

    Ойламаған жерден табысқа кенелген имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ екенін жеткізді.

    "Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра путевкасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.