jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Бізге де бұйырсын": тойда енесі келініне ыдыс-аяқ жуатын машина сыйға тартты

    Тойда енесі сыйлық берді
    Тойда енесі сыйлық берді. Видеодан кадр: instagram.com/ kazpress

    Әлеуметтік желіде тойда қалыңдыққа ыдыс-аяқ жуу машинасын сыйға тартқан ененің видеосы тарады. Көпшілік келініне сыйластық танытқан келіншектің әрекетіне оң баға беріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушыларына ененің келініне айтқан сөзі де ұнап қалды.

    "Айдана, күйеуіңді және балаларыңды құшақтау үшін қолың бос болуы керек. Сол үшін сағат ыдыс-аяқ жуатын машина сыйлаймын", - дейді келіншек.

    Ал той басқарған асаба келін мен ене арасындағы сыйластыққа риза болды. Мұны көрген оқырмандар да той иелеріне ақ тілегін жаудырды.

    "Айтқан сөзіне мән беріңіздерші", "Енесі қандай керемет адам", "Машинаны мейрамханаға көтеріп әкелген бе?", "Ыдыс-аяқ жуатын машина ас бөлмеде тұруы керек еді ғой", "Үйге апара салуға болмай ма?", "Көпшілікке үлгі болып жатыр", "Қандай керемет ене", "Бізге де осындай ене бұйырсыншы", "Қалыңдықтың жолы болған", "Жастарға бақыт тілеймін", - деп жазды жұрт.

    "Бізге де бұйырсын": тойда енесі келініне ыдыс-аяқ жуатын машина сыйға тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.