jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте IX Халықаралық театр фестивалі ашылды

    Жұмат Шанин атындағы драма театр
    Жұмат Шанин атындағы драма театр. Фото: instagram.com/shanin_theatre

    Шымкентте Орталық Азия елдерінің IX Халықаралық театр фестивалі ашылды. Үздік театр қайраткерлерінің басын қосқан ауқымды мәдени шара Жұмат Шанин атындағы Қазақ академиялық драма театрының мерейтойына орайластырылды. 95 жыл ішінде театр мәдени саланың дамуына зор үлес қосып қана қоймай, көптеген көрнекті актерлер мен режиссерлер үшін маңызды мектепке айналды, деп хабарлайды 24.kz.

    Фестивальдің ашылуы қызыл кілемдегі салтанатты шеруден басталды. Мәдени іс-шараға өнер ұжымдары мен театр майталмандары шақырылған. Жиналған қауымды қала әкімі құттықтап, Жұмат Шанин атындағы Қазақ академиялық драма театрының еліміздің мәдени өміріндегі орнына тоқталды.

    "Осынау жылдар ішінде еліміздің іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, тарихи сананы жаңғыртып, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл театрдың отандық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі қомақты деп білемін", - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

    Ғасырға жуық тарихында театр сахнасында әлемдік және қазақстандық классиктердің көптеген туындысы қойылды. Өнер ұжымының еңбегі ерен. Олардың көпшілігі бүгін марапатталды.

    Біздің театрымыздың бүгінгі таңда халықаралық, республикалық деңгейдегі театр фестивальдарында қоржыны сүбелі жүлделерге толы. Бүгін бізге түркі әлемі келіп, бірге тойласып жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе, құрмет", - деді драматург Сая Қасымбек.

    Көрермендер Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзербайжанның театр өнерімен танысады.

    "Мұндай фестивальдар әр елдің тарихы мен дәстүрін, мәдениеті пен өнерін танып білуге мүмкіндік береді. Келешекте қазақ тілінде сахналық қойылым қою, қазақстандық әріптестерімізбен бірге драмалық туындылар жазу жоспарда бар", - деді Самарқанд облыстық музыкалық драма театрының директоры Искандар Султанов.

    Қойылымдардан бөлек, фестиваль қонақтары үшін халықаралық марапаттарға ие болған майталмандар шеберлік сабақтарын өткізбек.

    Шымкентте IX Халықаралық театр фестивалі ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.