jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы анықталды

    Ақкербез Ысқаққызы
    Ақкербез Ысқаққызы. Фото: Instagram/aqkerbezm

    Күні кеше Алматыда "Қазақ аруы" байқауы өтіп, жеңімпазы анықталды. Баян Мақсатқызының ұйымдастыруымен өткен сұлулық байқауы несімен ерекшеленгенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

    Белгілі продюсер ұйымдастырған "Қазақ аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы болды. 17 жастағы аруға дауыс берушілердің 30,04%-ы дауыс берген.

    Марапаттау салтанаты кезінде "Қазақ аруы-2022" Аружан Бекболат бойжеткенге тәж тағып, үстіне белгілі дизайнер Аида Кауменованың арнайы шапаны жабылды.

    Ақкербез Ысқаққызы жеңісінен кейін желіде жазба жариялап, өзін қолдаған жандарға лағысын айтты.

    "Аллаға шүкір! Қолдаушыларым сіздерге шын жүректен мың алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз маған үлкен күш береді. Бірге бола отырып, алға қарай жетістікке жетеміз деп сенемін. Әрқайсыңыздың маңызыңыз зор", - деп пікір білдірді ару.

    Ақкербез Ысқаққызының жазбасы
    Ақкербез Ысқаққызының жазбасы. Скриншот: Instagram/aqkerbezm

    Байқаудың екінші орны Алматы қаласының атынан қатысқан Ақерке Серікжан (14,07%) ие болды. Ал үшінші орын алматылық ару Назерке Мырзағалиеваға (9,04%) бұйырды. 

    Айта кетерлігі, осы жылы байқауға маңызды өзгеріс енгізілген. Бұл жолы жеңімпазды қазылар алқасы емес, халықтың өзі дауыс беру арқылы таңдаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.