jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Автокөлік те табысталды": танымал ақын "Алтын домбыра" иегері атанды (видео)

    Мейірбек Сұлтанханға "Алтын домбыраны" тапсыру рәсімі
    Мейірбек Сұлтанханға "Алтын домбыраны" тапсыру рәсімі. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Астанада "Төрлет, еңбек адамы" республикалық ақындар айтысында қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан "Алтын домбыра" иегері атанды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    Министрлік мәліметінше, Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және AMANAT партиясының қолдауымен өткен дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналған.

    Екі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын сынға түсті.

    Айтыс қорытындысымен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Гран-приге ие болып, оған "Алтын домбыра" мен автокөлік табысталды.

    Бірінші орынды Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), екінші орынды Айым Асылбекқызы (Алматы), үшінші орынды Өміржан Көпбосын (Ұлытау), Дидар Қами (Қарағанды) және Аспанбек Шұғатай (Павлодар) иеленді.

    Сондай-ақ басқа қатысушылар арнайы жүлдемен марапатталған.

    "Автокөлік те табысталды": танымал ақын "Алтын домбыра" иегері атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.