Зектілері

"Бұйырмаған Америка болды": Ерке Есмахан Райм екеуінің АҚШ-тағы концерттері өтпейтінін хабарлады

Жарияланған күні:

Райм мен Ерке Есмахан
Райм мен Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан жұбайы Райм екеуінің биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-та өтеуі тиіс концерттері болмайтынын хабарлап, тыңдармандарынан кешірім сұрады. Бұл туралы эстрада жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақпанның бесінде визаға тапсыруға бардық. Кеше 10-ында паспортымды визамен бірге алдым. Бірақ маған Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-не дейін. Біздің концерттердің уақытымен мүлде сәйкес келмейді. Сөйтіп, білікті мамандармен ақылдасып, сөйлесіп, шешімге келдік.

Егер біз визаның уақытына қарамай ұшып барып, концерт қойсақ бұл заңсыз. Әрине, АҚШ-қа визадағы уақытпен кіріп кетіп, біраз күндей жүруге де болады. Бірақ жұмыс істеуге болмайды. Әсіресе, бұл жаңа президенттің қатты бақылауында. Сонымен концерт өтпейтін болды. Билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз", - деп жазды әнші Instagram-дағы Stories-та.  

Өнер иесі АҚШ-қа осымен үшінші рет жолы түспей отырғанын жеткізді. Айтуынша, бұған дейін де визаға қатысты мәселелер болған.

"Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезде де визамен кедергілер болып, Райм АҚШ-қа өзі барып концерт қойып келген еді. Одан кейін, енді міне тағы виза шаруасы. Осымен үшінші рет жол түспеді", - дейді Ерке Есмахан. 

Айта кетейік, Ерке Есмахан отбасымен Еуропа елдеріне жасаған саяхатынан кейін жуырда елге оралған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2219817-buiyrmagan-amerika-boldy-erke-esmahan-raim-ekeuining-aqsh-tagy-kontsertteri-bolmaitynyn-habarlady/