jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Ең сұлу қазақ қыздары (фото)

    : UGC

    Topantropos.com сайты биыл көктемде қазақтың ең сұлу қыздарының рейтингін құрған болатын. Бұл жолы аталмыш сайт рейтингті толықтырып, қайта жаңғыртты.

    Материалда қазақтар 14 млн өкілі (дүние жүзі бойынша - ред.) түркітілдес халық екені көрсетілген. Оның 10,5 млн-ы Қазақстанда, 1,5 млн-ы - Қытайда, 1 млн-ға жуығы Өзбекстанда тұрады. Ресейде шамамен 650 мың қазақ тұрады.

    Антропологиялық тұрғыдан қазақтар моңғолдар мен еуропалықтардың араласуынан қалыптасқан оңтүстік-сібір нәсіліне жатады. Қазақстардың 30%-ның түр-әлпеті - еуропоидтық, ал 70%-ы моңғолоидтық нәсілге ұқсайды.

    Еске сала кетсек, NUR.KZ бұған дейін "Қазақстан аруы -2012" байқауы туралы хабарлаған болатын.

    ТОП-32: ең сұлу қазақ қыздары

    Топ сайтта өткен дауыс берудің нәтижесінде құрылды.

    32 орын: Мақпал Исабекова (24 ақпан 1984) - қазақстандық әнші. Әкесі - қазақ, шешесі - ұйғыр.

    31 орын: Әлия Ақмолдина - "Хабар" арнасының жаңалықтар тележүргізушісі. 

    30 орын: Динара Сұлтан - қазақстандық әнші.

    29 орын: Күміс Базарбаева (1988 ж.) - әнші, Азиада - 2011 аруы. Айтуынша, ата-анасы - қазақ. Күміс - түр-әлпетіндегі еуропоидтығы  басым қазақтың қызы.

    28 орын: Әйгерім Сапарова - отандық модель.

    27 орын: Аружан Сайын (10 тамыз, 1976 ж.) - тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қорының директоры.

    Қарлығаш Егімбаева - "Қазақстандық полиция - 2011 аруы". 

    25 орын: Әсел Сәдуақасова (1985 ж.) - актриса мен әнші.

    24 орын: Аида Аюпова ( 25 қазан, 1970) - скрипкашы, бірқатар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

    23 орын: Роза Рымбаева (28 қазан, 1957 ж.) - қазақ әншісі, Қазақстан халық әртісі.

    22 орын: Жанна Жұмалиева (26 шілде, 1987) - Қазақстан аруы - 2010.

    21 орын: Альбина Джанабаева (9 сәуір, 1979) - әнші, жуырда тарқаған "ВИА Гра" тобының мүшесі болды. Альбина Джанабаеваның әкесі - қазақ, шешесі - орыс.

    20 орын: Әсел Ақбарова - "Хабар" арнасы жаңалықтарының жүргізушісі. 

    19 орын: Маржан Елшібаева - журналист, "Интерньюс Қазақстан" өкілдігінің атқарушы директоры.

    18 орын: Мәдина Сәдуақасова - қазақстандық әнші.

    17 орын: Айсұлу Қойшынова - Chick Flick тобының әншісі.

    16 орын: Айгүл Мүкей - тележүргізуші, "Ел-Арна" телеарнасының директоры.

    15 орын: Жұлдыз Сапарғалиева - актриса.

    14 орын: Салтанат Бақаева (24 қыркүйек, 1987) - әнші, "Арнау" тобының мүшесі. 

    13 орын: Салтанат Бекжігітова (12 желтоқсан, 1992 ж.) - Алматы аруы - 2010.

    12 орын: Аружан Жазылбекова (25 ақпан,1986) - актриса, модель, журналист.

    11 орын: Айна Әлиева (8 тамыз,1988) - Өзбекстан моделі. Ұлты - қазақ.

    10 орын: место: Альмира Тұрсынбаева - "Miss University 2010" сайысының жеңімпазы.

    9 орын: Әсем Жәкетаева (19 сәуір,1987) - әнші, Айлан лақап атымен сахнаға шығады.

    8 орын: Айнұр Төлеуова (4 ақпан, 1995) - "Мисс Казахстан 2011" байқауының жеңімпазы.

    7 орын: Айдана Меденова -  КешYou тобының әншісі.

    6 орын: Әлия Телебарисова (30 сәуір, 1992) - актриса, Алматы аруы - 2011.

    5 орын: Қарлығаш Мұхамеджанова (22 шілде, 1983) - актриса.

    4 орын: Бибігүл Сүйіншалина (4 шілде, 1991) - актриса.

    3 орын: Әсел Сағатова (16 қазан, 1984) - актриса және фотомодель.

    2 орын: Гүлнәр Силыбаева - "Казахи" КВН командасының ойыншысы.

    Ең сұлу қазақ қызы - Баян Есентаева (15 қаңтар,1974) - актриса, продюсер, тележүргізуші.

    Ең сұлу қазақ қыздары (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.