jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атышулы Ninety One қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

    : UGC

    Елдің барлығы сынап, түрлі жағымсыз пікірлер айтқан «Найнти уан» тобы енді қазақ ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болған деп хабарлайды 31 арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    "9 өңірге барып, концертті қойып келдік ешқандай қарсылық жоқ. Керісінше, көбейіп жатыр. Домбыра, қобыз, жетіген болсын, қай-қайсысын болсын қолданып көреміз", - деп мәлімдеді Ерболат Беделхан.

    «Найнти уан» тобын көпшілік сынады, үркітті, ал жер-жерде олардың сахнаға шығуына қарсылық танытты.юОсы оқиғадан кейін топтың өмірі күрт өзгерді десе болады. Алты ай бойы сахнаға шығудан бас тартты. Сол уақыт ішінде олар қол қусырып отырмапты. Өнер жолында көрген қиындықтарын фильм етіп түсіріп, көпшілікке ұсынды.

    "Көрермен не қалады соны көрсеткіміз келді. Тыңдармандар оларға көп берген сайын олар көп қалайды. Уақытылы жеткізіп тұру ол екінші сұрақ. Бір жылдың ішінде жоспарлаймыз не істейміз деп? Содан кейін нақты жұмыс басталады. Біздің тыңдармандар саны көп. Қаншама қарсы болса да. Себебі, әніміз олардың жүректеріне тиеді. Әр жас соны ойлайды. Бірақ айта алмайды. Соны осы жастар арқылы жеткіземіз", - дейді ол.

    Дегенмен, «кью поп» стилін ұстанатын 91 тобы болашақта қазақтың ұлттық аспабы домбыра, жетіген, тіпті қобызды да әндеріне қосып шырқауды көздейді.

    "Студияда көптеген эскперименттер жасаймыз. Болашақта домбыра, қобыз, жетіген болсын, қай қайсысын болсын қолданып көреміз", - дейді топ мүшелері.

    Бір қызығы, 91 тобы кеш өткізгенде арнайы сценарий құрмайды екен. Тікелей тыңдарманмен жұмыс жасай береді. Тауық жылы төрімізді босатып, тұғырын итке табыстауға санаулы күн ғана қалды. Биыл шоу-бизнес өкілдері үшін табысты болды. Бірі үйленді, енді бірі көптен күткен кешін өткізді. 31 арнаның көрермендерін жаңа жылымен сүйікті әншілері де құттықтады.

    Атышулы Ninety One қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.