jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Үздік асабалар қатарына кіретін отандық танымал әншінің гонорары қанша?

    : Instagram

    "Алашұлы" тобының мүшесі Әзімбек Байлин бүгінде музыка әлеміндегі шығармашылығымен қоса, жеке асабалық қызметін де қатар алып жүр. Еліміздегі үздік асабалардың тізіміне енетін әнші бір тойда қанша табыс табатынын жасырмай айтты деп жазады Youtube желісіндегі "Жылқышыбаймен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

    Топтағы әншілік жұмысынан бөлек Әзімбек Байлин өзін мықты асабалық қырынан танытып жүр екен.

    Алайда, өнер иесі басқа әріптестері секілді той басқару үшін бағаны шарықтатып қоймайтынын да айтып өтті.

    "Әркімнің жағдайына қарау керек. Көру керек. Менде қатып қалған баға жоқ. Бірақ, кейбір тамадалар бар әрине.

    Екі немесе үш мың долларға атым бар, затым бар деп қалады. Барынша иілуге тырысу керек қой.

    Азамат ағамыз, Нұрлан Әлімжанов бар. Элита тойларда жүреді.

    Қазіргі таңда, жеке әнші ретінде енді ғана бастап жатырмын. Бірақ, тамадалық, бет ашу, басқасы болатын болса мың доллардан асады.

    Мың доллар мен екі мың доллардың ортасы ғой. Бірақ, кез келген жағдайға қарау керек.

    Мәселен, тамыз айында 20 шақты тойым бар. Алайда, олардың әрқайсысында мың долларға шығамын деп айта алмаймын. Себебі арасында тегін тойлар бар. Таныстарым өтінген тойлар бар, "по свойски" тойлар бар, келіскен тойлар бар", - деп ағынан жарылды әнші.

    Сұхбат алушының айтуынша, Әзімбек Байлин асабалық бойынша Алматы қаласындағы үздік ондыққа кіреді.

    Үздік асабалар қатарына кіретін отандық танымал әншінің гонорары қанша?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.