jitsu gif

    Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды

    Сәкен Майғазиев пен Шыңғыс Мұқан
    Фото: Instagram/saken_maigaziyev

    "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жаңалықты Сәкен Майғазиевтің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

    "Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды" , - делінген хабарламада.

    Қазақстандық эстрада жұлдызының жаңа қызметке тағайындалғанына оның барша жанкүйерлері қатты қуанған. Олар желіде сүйікті әншісін кезекті жетісітігімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.

    Айта кетейік, Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

    1993 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.

    1997 жылы Т.Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «Эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.

    2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі болып тағайындалды.

    2012 жылдан бастап - Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

    2018-2020 жж. аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

    Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.