jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "МузАрт" тобының директоры басшылық қызметке тағайындалды

    Фото
    Фото: Ерлан Жүнісбайдың әлеуметтік желідегі парақшасы

    "МузАрт" тобының директоры Ерлан Жүнісбай жауапты қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына басшы болып Ерлан Жүнісбай тағайындалды", - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, Мұзарт — қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. "Музарт" – көне түркі тілінен шыққан, "Уз" – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал "арт" - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.

    Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті.

    Топ құрылғалы бері арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.

    Фото
    Фото: Facebook/Ерлан Жылқыбаев

    "МузАрт" тобының директоры басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.