jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Иманбек өзіне Грэмми алып келген әнінен кейін қанша табыс тапқанын айтты

    Иманбек Зейкенов
    Фото: Instagram/imanbekmusic

    Әйгілі "Грэмми" жүлдесіне ие болған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкенов өзінің табысы туралы тың мәліметтермен бөлісті. Жас диджей желіні жарған хитынан кейін қанша ақша тапқанын айтып берді деп жазады zakon.kz.

    "Қазір менің концертім 10 мың еуро тұрады. Концерттен қанша қаржы тауып келгенімді нақты айта алмаймын. Алайда, бүгінге дейін 10 млн рубльден (55 млн теңге) көп табысқа кенелдім" , - деп ағынан жарылды Иманбек "По студиям" бағдарламасына берген сұхбаты барысында.

    Күллі әлемге танылған "Roses" ремиксінің авторы "Грэммиді" жеңіп алғаннан кейін айналасында бұрын-соңды араласпаған түрлі туысқандары, жаңа достар мен бауырлар пайда бола бастағанын айтты.

    "Бұдан қашып құтылмайсың. Алайда, бұл мен үшін жағымсыз жайт. Бұған дейін араласып көрмеген аса танымал емес жігіттер кенеттен менің "жақыным" болып шыға келді. "Мені тарт, біз балабақшада бірге болдық, біз жерлеспіз ғой" деді. Егерді шынайы өмірде олар маған келіп қалса, қалай мән бермейсің. Әрине, олармен сөйлесемін. Маған жазғандарға жауап беруге тырысамын. Бірақ, мен ондай адамдармен арақашықтықты сақтап жүремін" , - деді ол.

    Еске сала кетейік, отандасымыз Иманбек Зейкенов 15 наурыз күні "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Музыканттың Roses SAINt JHN ремиксі беделді марапатқа лайық деп табылды.

    Иманбек өзіне Грэмми алып келген әнінен кейін қанша табыс тапқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.