Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық музыкант алғаш рет "Грэмми" жүлдесін иеленді (видео)

Опубликовано:

Иманбек
Кадр: youtube.com/Recording Academy / GRAMMYs

Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Музыканттың Roses SAINt JHN ремиксі беделді марапатқа лайық деп табылды.

Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек марапатқа ие болды.

"Анама, әкеме, командама, менеджер Кириллге рахмет. "Грэммиге" де алғыс айтамын", - деді Иманбек "Үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы атанғаннан кейін.

Сондай-ақ, қазақстандық өзінің Instagram-ында хабарлама жариялады.

"Музыканттың мансабындағы ең керемет нәрсе - "Грэммиді" жеңіп алу, біз мұны жасадық!", - деп жазды ол.

Еске салайық, өткен жылдың көктемінде Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық Иманбек Зейкеновтің ремиксі көш бастаған еді. Қазақстандықтың трегі барлық уақыттағы ең көп сұралған үздік әндер қатарына енген болатын. Композиция "Грэммиге" ұсынылды.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған. Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903285-qazaqstan-azamaty-algas-ret-gremmi-ielendi/

pixel