jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Сахнада жүргеніме 19 жыл": әнші Мөлдір Әуелбекова елімізді аралап концерт бермекші

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

    Осыған дейін өнерді болашақта түбегейлі қоятынын айтқан әнші Мөлдір Әуелбекова этно топ құрды. "Жұлдыз ФМ" радиосына сұхбат берген әні алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Massaget.kz.

    "Биыл сахнада жүргеніме 19 жыл болса, келесі жылы 20 жыл толады. Өзімнің шәкірттерімнің басын біріктіріп, елімізде гастроль жасаймыз. Өңірлерге барып, ағайындардың батасын алып, жеке ән кешімнің нүктесін Алматы немесе Астана қаласында қоямын", - деді әнші.

    Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова этно-топ құрғанын да атап өтті.

    "Этно-топ құрдым, "Рабат" деген. Негізі Сыр еліндегі Отырар деген қаланың бірі. Соның құрметіне тарихқа үңіле отырып, топты құрдым. Енді топты жетекшілік етіп, барынша елдің ықыласына бөленеді деген ойдамын.

    Бірақ бұл топты жалғыз өзім емес тағы бір компаниямен серіктес болып құрдық. Алматы қаласында өнер көрсеткенде алғаш рет әкім марапатын алды. Енді осы топ бар тағы да басқа өнерпаздармен елді-жерді аралап, концерт бермекшіміз" , - дейді Мөлдір Әуелбекова.

    Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова осыған дейін өнерден кетуі туралы желідегі "мәлімдемесіне" қатысты пікір білдірген еді.

    "Сахнада жүргеніме 19 жыл": әнші Мөлдір Әуелбекова елімізді аралап концерт бермекші

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.