jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Жігіттер" тобы ең алғаш сахнаға 5000 теңгелік костюм киіп шыққанын еске алды

    "Жігіттер" тобы
    "Жігіттер" тобы. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Қазақстандықтарға кеңінен танылған "Жігіттер" тобының құрылғанына биыл 20 жылдың жүзі толған. Топ мүшелері "Ұйқым келмейді" бағдарламасында естелігін бөлісіп, ең алғаш сахнаға киіп шыққан костюмін 5000 теңгеге алғанын жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Топ басталғанда киімге қатты жарыған жоқпыз. Қара костюм 5000 теңгеден алынды. Төрт костюм-шалбар алдық.

    Ең алғаш университеттің атынан республикалық байқауға Атырауға бардық. Сол кезде біздің киіп шығатын костюміміз КВН ойыншыларыныкі еді. "Аманатқа қиянат жасамай, әкеліп береміз" дедік. Бірақ, Еркін (Нұржанов - ред.) шалбарын үтікпен күйдіріп тастады. Сол қиянат болып қалды.

    Басталғанда киімге жарыған жоқпыз. Киетін киім жоқ. Әбдіхан (Нұрмаханбетов - ред.) ағайымыздың конкурсқа киген киімдері бар екен. Төртеуімізге бір-бір көйлек берді. Сол кісінің көйлектерін киіп шықтық", - деп еске алды топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Жігіттер" квартетінің бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов топтан кету себебін айтқан болатын.

    "Жігіттер" тобы ең алғаш сахнаға 5000 теңгелік костюм киіп шыққанын еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.