"Қуандық ұлдарыңыз себепкер": әнші Альбина Шардарова үлкен сахнаға қалай шыққанын айтты
Жарияланған күні:

Әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берген әнші Альбина Шардарова үлкен сахнаға шығуына кімнің себепкер болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Эстрада жұлдызының айтуынша, жалпы өнерден алыс емес. Әкесі де, анасы да ән айтады. Музыкалық аспаптарда ойнайды. Кезінде отбасылық ансамбль болған.
"Бірақ өнер жолына барамын дегенде үйдегілер кішкене қарсы болды. "Қыз балаға қажет емес, мінезің де келмейді" деді. Бірақ мектеп кезінен ән айтамын, өзіме гитарамен ән айтқан қатты ұнайды", - деген әнші гитараға қызығушылығы әкесінен дарығанын айтады.
Ал үлкен сахнаға шығуына белгілі әнші Қуандық Рахым себепкер болған.
"Үлкен сахнаға келуіме Қуандық ұлдарыңыз себепкер болды", - деп жазды Альбина Шардарова.
Сондай-ақ әнші Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін бітіргенін айта кетті.
Естеріңізге сала кетсек, Альбина Шардарова Қуандық Рахым бірге орындаған "Болайық бірге" әнінен (2017 жылы шыққан) кейін ел арасында танымал бола бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2221406-quandyq-uldaryngyz-sebepker-anshi-albina-shardarova-ulken-sahnaga-qalai-shyqqanyn-aitty/