Шоубиз

Зектілері

"Алтын сақина тағып барамын": Мақпал Жүнісова Димаш Құдайбергеннің әжесінен бағалы сыйлық алды

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова мен Миуа Низамутдинова
Мақпал Жүнісова мен Миуа Низамутдинова. Видеодан кадр: instagram.com/dimash.musicclub/

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова танымал әнші Мақпал Жүнісоваға ерекше сый жасады. Өнер иесі желіде қуанышын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Мақпал Жүнісова жыл сайын ұйымдастырылатын "Жан анам" концертіне қатысқан. Әншінің айтуынша, концертте Димаш Құдайбергеннің әжесі оған жүзік сыйлаған.

"Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Халық әртісі Димаштың әжесіне жанды дауыста ән салып, алғысын білдірді.

"Мынадай алтын сақина таққан соң бірауыз бірдеңе айту керек шығар?!", – деген әнші халық әні "Сәулем-ай"-ды орындады.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, видеоға пікір қалдырды.

"Адамгершілігі, кішіпейілдігі мол жансыз! 100 жасаңыз! Халқыңыз сізді жақсы көреді”, Шынайылығыңызбен халықтың махаббатына бөленіп келе жатырсыз ғой, өнеріңіз бен мінезіңіз қандай гармонияда ғой, Мақпалжан!", – деп пікір қалдырды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2224997-altyn-saqina-tagyp-baramyn-maqpal-zhunisova-dimash-qudaibergenning-azhesinen-bagaly-syilyq-aldy/