jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық желі қолданушылары башқұрт әніне тәнті болды (видео)

    музыка
    Видеодан кадр: instagram.com/ayyola.music

    Instagram желіcінің қазақстандық сегментінде Ay Yola башқұрт музыкалық тобының Homay атты әні кеңінен таныла бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Башқұрттық Ay Yola тобының Homay әні небәрі 24 сағат ішінде қазақстандық желі қолданушылары арасында таралып, қызу талқыланып жатыр. Ән желідегілердің оң пікіріне ие болды.

    Композицияның атауы башқұрттың "Орал батыр" эпосындағы мифтік Хомай құсының бейнесімен байланысты. Бұл бейнені көпшілік көне түркі мифологиясындағы Ұмай анамен де байланыстырады. Ұмай түркітілдес халықтардың көпшілігінің этнографиясында кездеседі.

    Қазақстандық желі қолданушылары әннің ерекше стиліне, әуезділігі мен әсерлі ырғағына тәнті болғанын жасырмады.

    "Ән шынымен де әрбір түркі өкілінің бойындағы тамырдың үнін оятып жібергендей. Түркі елдерінде көптің жүрегінде жаңғырған әннің сыры осында сияқты көрінеді маған", "Қандай рухты ән, "Түркілер, жарайсыңдар!" "Башқұрт, қазақ бір туған", "Ән топ! Түркілердің ана тілінде ән шырқауы қуантады", "Енді бұл ән барлық түркілердің әнқоржынында жүреді", "Қазақстан сіздермен бірге!" деген жалынды сөздерін арнады желіде пікір қалдырғандар.

    Ay Yola тобының әншілері қазақстандықтардың жылы сөздеріне алғыс білдіріп, оларға арнайы әннің қазақ тіліндегі аудармасын жарялады.

    "Қазақстан, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Бұл бейнежазбаны сіздер үшін арнайы жасадық", - деді Ay Yola тобының өкілдері.

    Қазақстандық желі қолданушылары башқұрт әніне тәнті болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.