jitsu gif
Шоубиз

    "Әзір дайын емеспін": Нұржан Төлендиев киноға неге түспей жүргенін айтты

    Нұржан Төлендиев
    Нұржан Төлендиев. Фото: youtube.com/@MaratOralgazin

    Алдараспан театрының жетекшісі, Алдараспан театрының актерлері Нұржан Төлендиев пен Бауыржан Тәңірберген Қызық Times бағдарламасының студиясына қонаққа келіп, театрдың 15 жылдығына орай шығармашылық жолындағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Студияда Нұржан Төлендиев жақында екінші рет ата атанғанын айтып, көптен сүйінші сұрады. Қызынан немересі бар Нұржан таяуда ұлы үйленіп, немере сыйлаған.

    Одан бөлек, бағдарлама барысында ол киноға түсуге қатысты ойын айтты.

    "Құдай қаласа. Енді мен әзір дайын емес секілдімін. Ең жаманы, штамп деген бар. Бір рөлдің екінші рөлге ұқсап кетуі. Қазақ киносына жалпы ризамын. Бұрын тек шетелдік киноларға баратын едік. Апта сайын қазір қазақ кинолары шығып жатыр. Алла бұйырса киноға түсемін деген арманым бар. Көңілімнен шығатын жақсы сценарий болмай жатыр. Басы бар, аяғы бар жақсы дүние болса түсеміз", - деді актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.