jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Арамызда қалсын бәрі": Мөлдір Мұқанова жас әншімен бірге жаңа әнін жарыққа шығарды (видео)

    Мөлдір Мұқанова және Амантай Әбен
    Мөлдір Мұқанова және Амантай Әбен. Видеодан кадр: instagram.com/moldir.mt

    Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова жас орындаушы Амантай Әбенмен бірге дуэт жазып, жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Мұқанова "Арамызда қалсын бәрі" атты жаңа әннің бейнебаянын Instagram желісіндегі парақшасында ел назарына ұсынды.

    "Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген үлкен шабыт. Тілектес болу - нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық", - деген жазба қалдырды Мөлдір Мұқанова бейнебаян үзіндісінің сипаттамасында.

    Ол өзімен дуэт айтқан жас өнерпазға қатысты желіде сұрақ жиілегенін ескеріп, оны оқырманына таныстыруды жөн көрді.

    "Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын", - деп әріптесінің желідегі парақшасын көрсетті Мөлдір Мұқанова.

    Желі қолданушылары Мөлдірдің жаңа туындысына құтты болсын айтып, ізгі тілегін жазып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.