jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Төреғали Төреәлі: Мен бәрін тоқтаттым

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында бәрін тоқтатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камер. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің концерттері денсаулығына байланысты кейінге шегерілген еді. Бұл туралы оның әкесі Төреәлі Төлепов желі парақшасында айтты.

    "Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік!

    Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар", - деп жазған еді ол.

    Денсаулығы сыр беріп, ем алып жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары жылы лебізін жаудырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.