jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Отандық актер Қытайда "Үздік актер" жүлдесін иеленді (фото)

    Бақыт Қажыбаевқа  "Үздік актер" жүлдесін табыстау сәті
    Бақыт Қажыбаевқа "Үздік актер" жүлдесін табыстау сәті. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер "Үздік актер" жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 6 шілдеде Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болған. 

    Биылғы фестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі "Алтын камелия" байқау бағдарламасына қатысқан.

    Оның қорытындысы бойынша "Үздік актер" аталымын қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев иеленген. Бұл марапат оған "Набат операциясы" фильміндегі басты рөлі үшін берілген.

    актер Бақыт Қажыбаев
    Актер Бақыт Қажыбаев. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Актердің айтуынша, бұл – тек өзінің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Ол шынайы оқиғаға негізделген хикаяны жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, барлық көрерменге алғысын айтты.

    "Набат операциясы" фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қорғау органдарының арнайы операциясы адам шығынынсыз аяқталған.

    Фильм Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

    Байқауға ұсынылған екінші қазақстандық туынды – режиссер Дархан Төлегеновтің "Ағайындылар" драмасы. Бұл фильм бұған дейін 15-тен астам халықаралық марапатқа ие болған, оның ішінде Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema Award жүлдесі бар.

    Биыл қазақ киносы фестивальдің фокус-секциясына ұсынылып, арнайы бағдарлама аясында көрсетілген.

    Отандық актер Қытайда "Үздік актер" жүлдесін иеленді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.