jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақ қызы "Славян базары" байқауының Гран-при иегері атанды (видео)

    Алмагүл Батталиева
    Алмагүл Батталиева. Видеодан кадр: instagram.com/almushonok

    Қазақ әншісі Алмагүл Батталиева "Славян базары" байқауының Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 10-13 шілде аралығында Беларусь Республикасында "Витебсктегі Славян базары" XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өткен.

    Байқауға Қазақстан атынан Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысқан.

    Финалда қазақ әншісі "Вечность" композициясын орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

    Осылайша, Алмагүл Батталиева екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-приін иеленген.

    Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен.

    Алмагүл "Жас Қанат – 2023" фестивалі, "Алматым жүрегімде" сынды беделді музыкалық байқауларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Сонымен қатар ол бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.

    Қазақ қызы "Славян базары" байқауының Гран-при иегері атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.