jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

    Еркебұлан Тоқтар
    Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

    Белгілі киноактер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еркебұлан Тоқтар Instagram-дағы парақшасына алған марапатының фотосын жариялады.

    "Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді", - делінген жазба сипаттамасында.

    Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты Facebook желісіндегі парақшасында түсінік берді.

    Айтуынша, мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Олардың қатарында Еркебұлан Тоқтар да болған.

    Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.