jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Димаш Құдайбергеннің үш жылдық әлемдік туры аяқталды

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Димаш Құдайбергеннің 2022 жылы Алматыда бастаған "Stranger" туры биыл 12 желтоқсанда Ригада үлкен шоу-концертпен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Концерттік бағдарлама Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Ригадағы мыңдаған жүректерді біріктірді.

    Турдың қорытынды нүктесі Рига қаласы болды.

    2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласындағы Xiaomi Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Stranger шоуы үйдегідей жайлы, әрі толқынысқа толы атмосфера қалыптастырды. Үлкен аренада өткен концерт көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алдағы Рождество мен Жаңа жылдың жақындай түскенін сезіндірді.

    Димаш концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты.

    
"Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!", - деді әнші.

    Димаш Құдайбергеннің үш жылдық әлемдік туры аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.