jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық рэпер Yenlik халықаралық танымал шоуға қатысты

    Yenlik
    Yenlik. Фото: instagram.com/colorsxstudios

    Yenlik есімімен танылған қазақстандық жас орындаушы Еңлік Құрарбек COLORS халықаралық музыкалық шоуының жаңа шығарылымына қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Yenlik COLORS жобасында "Bipl" атты синглын орындады. Ол аталған шоуға шақырту алған алғашқы қазақ орындаушысы атанды.

    "COLORS өзінің алғашқы қазақстандық әртісін қарсы алады", - деп таныстырды Instagram желісінде Yenlik-ті жоба авторлары.

    Бұған дейін COLORS жобасына Billie Eilish, Drake, Doja Cat, Tyla, Joji, Kali Uchis, Daniel Caesar сынды әлемге әйгілі әртістері қатысқан.

    Айта кетейік, ColorsxStudios – 2016 жылы құрылған Германияның музыкалық платформасы. Бірнеше жыл ішінде жоба бұрынғы радиостудияда басталған шағын стартаптан әлемдегі ең ықпалды музыкалық арналардың біріне айналды.

    Жоба өзінің минималистік эстетикасымен ерекшеленеді, әр шығарылым біртүсті фондағы сахнада, декорациясыз және көзді алаңдататын визуалды элементтерсіз түсіріледі. Мұндай формат тыңдарманның назарын тек музыкаға, дауысқа және орындаушының сахнадағы болмысына аударуға мүмкіндік береді. COLORS-тың YouTube-тегі арнасына жазылған желі қолданушыларының саны бүгінде 8,2 млн-нан асты.

    Қазақстандық рэпер Yenlik халықаралық танымал шоуға қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.