jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ең жоғары наградасы саналады": Димаш Құдайберген халықаралық ұйымның марапатын алды (фото)

    Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова
    Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен актриса Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

    Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын "Түркі әлемінің мәдени елшісі" атаулы орденімен марапатталды.

    Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін "Түркі әлемінің үздік әртісі" номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталған.

    Марапаттау рәсімінде ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев марапаттардың маңызына тоқталып, қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің ортақ түркі мәдени кеңістігін нығайтудағы рөлі туралы айтты.

    "Бүгін біз өнер арқылы түркі әлемін шынайы біріктіріп жүрген тұлғаларды құрметтеп отырмыз. Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып келеді. Ал, Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің символына айналды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет", - деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы.

    Өз кезегінде Димаш Құдайберген марапатты қабылдай отырып, өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың қолдауы екенін атап өтті.

    "Өнер адамы үшін ең жоғары марапат – халықтың мойындауы мен қолдауы. Бұл марапатты мен елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюын білдіретін маңызды белгі ретінде қабылдаймын. Бұл марапат жеке өзіме емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет пен ілтипат деп білемін", - деді өнер иесі.

    Айта кетейік, Димаш бұл марапатқа ие болған екінші тұлға. Бұған дейін мұндай атақ Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санджарға берілген болатын.

    "Ең жоғары наградасы саналады": Димаш Құдайберген халықаралық ұйымның марапатын алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.