jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Президент атынан Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда табысталды

    Қанат Айтбаев
    Қанат Айтбаев. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Мемлекет басшысының атынан "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" ордені табысталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай берілген және президенттің атынан премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған.

    Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өткен.

    Қанат Айтбаев және Аида Балаева
    Қанат Айтбаев және Аида Балаева. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Айта кетейік, "Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

    Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.

    Президент атынан Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда табысталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.