jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Джеки Чан Маңғыстауға ұшып келді (фото)

    Джеки Чан Ақтауда
    Джеки Чан Ақтауда. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

    Әйгілі актер Джеки Чан "Доспехи Бога 4: Ультиматум" фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Ақтауға келді, деп хабарлайды облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірге халықаралық "Доспехи Бога 4: Ультиматум" көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін арнайы келген аты аңызға айналған актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чанды қарсы алған.

    Джеки Чан Ақтауда
    Джеки Чан Ақтауда. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

    "Маңғыстаудың ауқымды халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

    Фильмнің басты түсірілім орындарының бірі – әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы болмақ", - делінген хабарламада.

    Кездесу барысында Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды халықаралық жобалардың өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге зор серпін беретінін атап өткен.

    Джеки Чан жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін және болашақ фильмнің ең көрнекті көріністерінің біріне айналатынын айтқан.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қыркүйектің соңында атақты актер Джеки Чан әлеуметтік желіде қазақстандық серіктестерімен түскен фотосын жариялап, Қазақстанға локацияларды зерттеу үшін келгенін жазған еді.

    Кейін әйгілі актер басты рөлде ойнаған "Доспехи Бога" фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілейін деп жатқаны белгілі болды.

    Сондай-ақ "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалғаны хабарланды. Ал маусымда өңірде фильмінің түсірілім жұмыстары басталды.

    Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун.

    Туынды кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасады.

    9 шілдеде Джеки Чан Алматыға келді.

    Түсірілім тобының айтуынша, экшн-сахналарды қоюмен Джеки Чанның өзі айналысады.

    Джеки Чан Маңғыстауға ұшып келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.