jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды

    Ғалым Қалиақпаров
    Ғалым Қалиақпаров. Фото: instagram.com/galymkaliakbarov

    Алматыда 21 тамызға жоспарланған стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды ұйымдастырушыларға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Central standup Almaty" стендап-клубының Instagram-дағы парақшасында Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті болмайтыны туралы ақпарат жарияланды.

    "Іс-шара тоқтатылды. Бұл ұйымдастырушыға байланысты емес. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Афишада көрсетілгендей, концерт ертең, 21 тамызда өтуі керек еді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғалым Қалиақпаровтың Астанадағы концерті кенеттен тоқтатылған еді.

    Есіл ауданының әкімдігі NUR.KZ тілшісіне 19 тамыздағы концерттің ресми түрде келісілмегенін мәлімдеді. Ұйымдастырушылар іс-шара өткізілгенге дейін 10 күн бұрын әкімдікке міндетті хабарлама жібермеген.

    Концерттің өтпейтіні туралы хабарландыру
    Концерттің өтпейтіні туралы хабарландыру. Скриншот: instagram.com/central.standup.almaty/

    Стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.