jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қысқа көйлек киіп алған Әсел Сағатова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

    : Instagram

    Отандық танымал актриса Әсел Сағатова жанкүйерлерін жаңа суреттер топтамасымен қуантты. Өнер иесі қысқа қара көйлек киіп алып, желіде мінсіз дене мүсінін көрсете ер адамдарды еліктірді. Көпшілік әдетте барынша жабық киініп жүретін киножұлдыздың ашық образын қызу талқыға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/asselsagatova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/asselsagatova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Әсел Сағатова ерлер қауымын естен тандырған фотоларын Instagram парақшасында жариялаған. Үстіне жылтыраған қара түсті қысқа көйлек киіп алған актриса бұл образы елдің асқан қызығушылығын тудырады деп ойламаса керек.

    Алайда, суреттердің астындағы пікірлерге сүйене, желідегілер Сағатованың мұндай кейпіне қатты таңғалғанын аңғаруға болады. Киножұлдыз ерлер қауымын ғана емес, қыз-келіншектерді де өз сұлулығымен тәнті еткен.

    "Неткен сұлусыз, мына образ өзіңізге өте жарасымды" , "Қысқа көйлекпен енді көріп тұрмын" , "Бәрі өз орнында деп ойлаймын. Еш нәрсесі де ерсі емес" , "Ғашық болмай мүмкін емес" , "Болды Әсел осымен тоқта, менің жүрегім мұндай сұлулыққа шыдай алмас" , "Өте тартымды фото" , "Көз ала алмай отырмын" , "Мұндай сұлулықтың болуы заңды ма өзі?" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Әсел Сағатова алғаш рет балаларын көрсеткен болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қысқа көйлек киіп алған Әсел Сағатова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.