jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Омырауды жабу керек": Сәдуақасованың жаңа образы елге жақпады (фото, видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасованың жаңа жылдық түсірілімге таңдаған образы елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесінің көйлегі желідегілердің ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде мерекелік түсірілім кезінен сурет пен видео жариялап, ел назарын өзіне аудартты. Онда эстрада жұлдызының талдырмаш мүсінін көрсетіп тұратын көйлекті киіп алғанын көруге болады. Алайда, әншінің образы барлығына бірдей ұнай қойған жоқ.

    Кейбір оқырмандар Сәдуақасованы тым ашық киім үлгісін таңдағаны үшін сөгіп тастады. Олар әртісті омырауын айқара ашқаны үшін сынға алған.

    "Әйел адам деген омырауын жауып жүру керек", "Не сұмдық? Неге жалаңаштанып барамыз?" , "Отбасылы келіншектің кеудесін ашып жүргені ерсі көрінеді" , "Енді мүлдем ашық образдарда бой көрсетпеймін дегеніңіз қайда? Тағы да басталды ма?" , "Сізді және сіздің өнеріңізді қатты құрметтеймін. Бірақ, көптің айтқанына қосылмасқа амалым жоқ. Мына образыңыз шынымен тым ашықтау секілді" , - деп жазуда желі қолданушылары.

    Айта кетейік, бұған дейін ашық әрі қысқа образдары үшін Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар да елден оңбай сөз естіген болатын. Қос бикеш те жаңа жылдық түсірілімге қатысып, барша ер азаматтарды естен тандырды.

    Сонымен қатар, белгілі актриса Құралай Анарбекова да өзінің жаңа фотосессиясымен бөлісіп, онда мінсіз мүсінін паш етті. Киножұлдыздың суреті қызу талқыланды.

    "Омырауды жабу керек": Сәдуақасованың жаңа образы елге жақпады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.