jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Патшайым": Ерекше образдағы Жәния Джуринская елді өзіне қаратты (фото)

    Жәния Джуринская
    Фото: Instagram/djurinskaya

    Отандық танымал актриса Жәния Джуринская желіде ерекше фотосессиясын жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесінің жаңа образы оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оны ертегі кейіпкеріне ұқсатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жәния Джуринская оқырмандарын кезекті ерекше образымен таңғалдыруда. Актриса Instagram парақшасында жаңа фотоларын бөлісіп, көптің ыстық ықыласына ие болды.

    Желі қолданушылары өнер иесінің батылдығына тәнті болып, оның образына қатысты пікір білдірді. Кейбірі оны тым ашық киім таңдағаны үшін сынға да алып үлгерді.

    "Өте әдемі шыққан", "Мына образыңызға қарай бергің келеді", "Көз алу мүмкін емес", "Недеген сұлусыз. Патшайым сияқтысыз", "Кеудені неге аша береді жұлдыздар. Оның үстіне отбасылы адамсыз", "Жолдасы сөйлемейді ма?", "Ол өнер адамы, бұл бар болғаны образ. Жәния ешкімді тыңдамаңыз, сізге не болса да бәрі жараса береді", "Мысыр патшайымы", "Нағыз ертегіден келген ару", "Сұлулығында шек жоқ", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.