jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Нәзік образдағы Мадина Сәдуақасова елдің ыстық ықыласына ие болды (фото)

    Мадина Сәдуақасова
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа фотосессиясын бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті етті. Оқырмандарға әншінің ерекше нәзік образы ұнап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде жаңа суреттерін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді.

    Желідегілер эстрада жұлдызына бұл образ өте жарасатынын жарыса жазды.

    "Өте сүйкімді. Мына нәзік образ сізге жарасады екен", "Жас қыздай болып тұрсыз", "Өте сәтті образ шыққан", "Маған осындай Мадина ұнайды", "Бұл образ бар нәзіктігіңізді көрсетіп тұр", - деп жазды олар.

    Алайда, өнер иесінің жаңа кейпін ұнатпай қалғандар да болды.

    "Ренжімеңіз. Бірақ мына макияж бен шаш үлгісі сізге жаман болып тұр. Жараспайды",., "Мадина ханым түріңіз онша емес. Мулдем жараспайды екен", "Қарақаттың қызы бояндырған сияқты ғой", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетерлігі, Сәдуақасова жаңа фотоларымен қоса, тыңдармандарына керемет жаңалығын бөлісті. Ол бүгін су жаңа әні жарыққа шығатынын хабарлады.

    "Жаңа ән ! Бұл әнді бірінші рет естігенде қатты ұнаттым , орындағым келді , бірақ композитор "оны Нұрболат Абдуллин алып қойған" деді. Өзім Нұрболатқа қоңырау шалмадым, ұялдым. Бірақ ақын қызға да, композиторға да өтіндім. "Өздеріңіз Нурбуллинға айтып көресіз ба, Мадина жүрегімен қалап тұр бұл әнді" деп. Нұрболат рахмет", - деп жазды әнші.
    Нәзік образдағы Мадина Сәдуақасова елдің ыстық ықыласына ие болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.